Ресей мен БАӘ Таяу Шығыстағы ынтымақтастықты талқылады

0
89
дереккөзден

РФ президенті Владимир Путин Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы Мұхаммед Әл Нахайянмен Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кремль таратқан ақпарға сәйкес, дүйсенбіде В. Путин Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы, БАӘ Қарулы күштерінің Жоғары Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед Әл Нахайянмен телефон арқылы сөйлескен. Сөйлесу барысында 2017 жылы Мәскеуде қол жеткізілген ресей-әмірлік ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланған. Бұдан өзге қос тарап Парсы шығанағы мен Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылық білдірді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз