Жаһан тұрғындары Айдың тұтылуын бақылады

0
197
РИА Новости

Барша жаһанның әлеуметтік желі қолданушылары ХХІ ғасырдағы ең ұзақ тұтылған Айдың суреттері мен бейнежазбаларын жариялады.

Ғарыштық көріністі Еуропа, Азия, Аустралия және Оңтүстік Америка тұрғындары бақылаған. РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, Айдың тұтылуы Антарктида да көрінген, дегенмен, Сібірдің солтүстік бөлігі мен Солтүстік Америкада бұл табиғи құбылыс байқалмаған.

Бірқатар кадрларда көрсетілгендей, Жердің көлеңкесінде қалған сәтте Ай толықтай қызғылт түске боялған.

💤💤💤

A post shared by Péroline (@perolinerouillard) on

| #eclipse #eclipselunar #lunadesangre #cpedraz

A post shared by Carlos Pedraz (@c___pedraz) on

Жер ғаламшарының тұтылуы жұма күні сағат 21.24-те басталды, сенбі күні сағат 01.19-да аяқталады. Құбылыстың толық фазасы 22.30-дан 00.13 аралығында болды. Бұл құбылыс ХХІ ғасырдағы айдың ең ұзақ тұтылуы болып саналады. ХХІ ғасырдың өткен кезеңінде 225 рет Ай тұтылған.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз