Моңғолияда қар жауды

0
121
montsame.mn

25-26 шілде күндері Моңғолиядағы  Алтай, Дэлуун, Болған, Баяннұр, Буянт, Сағсай, Толбы, Ұлаанхұс, Сенгел, Өлгей, Баян-Өлгей бөктерінде қатты жауын жауып, қар түсті. Бұл туралы жергілікті “Монцамэ” агенттігі хабарлайды.

Осы айдың ортасында Моңғолияның көп бөлігінде, соның ішінде Баян-Өлгей, Селенге және Тув аймақтарының бөктерлерінде қатты жауын-шашын болған, кей аймақтарында бұршақ жауған, бұл өз кезегінде тұрғындарға көп шығын әкелген.

Моңғолияда мұндай тұрақсыз ауа-райы осы жылы алғаш рет байқалып отырған жоқ. 21 шілде өткен сенбіде жаз мезгілі болса да, Шанман бөктерінде қар жауып, боран соққан. Қатты жауған жауын-шашын салдарынан Моңғолиядағы Ховд, Буянт, Сағсай, Тұрған өзендерінде су деңгейі көтерілген.

Синоптиктердің болжамынша, жақын күндері Моңғолияда тағы да жауын-шашын күтілуде.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз