Астанада “ТМД Миссі-2018” байқауының жеңімпазы анықталды

0
94
Informburo.kz

“ТМД Миссі-2018” сұлулық байқауының нәтижесі белгілі болды.

“ТМД Миссі-2018” – Татбяна Акуленко, Украина/ Informburo.kz

Байқау қорытындысы бойынша жеңіс Украинадан келген Татьяна Акуленкоға бұйырды.

Қазақстандық Әсем Есенгелдиева қазылар алқасының шешімімен “ТМД вице-миссі-2018” аталымында жеңімпаз атанды.

Әсем Есенгелдиева, Қазақстан/Informburo.kz

Екінші “ТМД вице-миссі-2018” атанған армениялық Ромелла Тамарян.

Ромелла Тамарян, Армения/Informburo.kz

Үшінші “ТМД вице-миссі-2018” аталымын Ресейден келген Виктория Волгина жеңіп алды.

Виктория Волгина, Ресей/Informburo.kz

Informburo.kz таратқан ақпарға сәйкес, байқаудың ақтық кезеңі дефиледе жүріп өтудің үш кезеңінен тұрған. Бірінші кезеңде бойжеткендер өз елінің ұлттық киімін киіп шығуы қажет, екінші кезеңде қара классикалық үлгідегі көйлекте жүріп өтсе, үшінші кезеңде суға түсуге арналған “купальник” киімімен дефиледе жүріп өтуі қажет. Дегенмен, қазақстандық аруға үшінші кезеңдегі талапты сәл өзгертуге тура келді, бойжеткен дизайнерлік киіммен жүріп өткен.

Velada group халықаралық сән агенттігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әлия Бекболатованың айтуынша, байқауға қатысқан әр бойжеткенге сыйлық үлестіріледі.

“Бірінші, екінші, үшінші орынға беретін сыйлықтарымыз – құндыз жүнді тон, гауһар тас жинағы және Түркия, Дубай, Арменияға баратын 4 жолдама”, – дейді Ә. Бекболатова.

Бұған дейін Астанада 17-27 шілде аралығында “ТМД Миссі-2018” байқауы өтетіні хабарланған еді.


Ұйымдастырушылар таратқан ақпарға сәйкес, ТМД мемлекеттері арасындағы ең сұлу бойжеткен аталымына 16 елден 18-27 жас аралығындағы 25 қыз қатысқан. Аталған мереке елорданың 20 жылдығына арналды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз