12 желтоқсан Түркменстанда ұлттық мейрам – нейтралитет күні. Биыл түркмен жұрты бұл мерекенің 25 жылдығын атап өтеді.
1991 жылы 27 қазанда тәуелсіздік алған Түрікменстан елдің сыртқы саяси стратегиясын оң бейтарап қағидаттарға негіздеп саясатта жауапты шешім қабылдады.
Осыған орай, 1992 жылы шілдеде Хельсинкиде өткен ЕҚЫҰ саммитінде Түркіменстан алғаш рет өзінің сыртқы саяси бағытының негізі ретінде оң бейтарап бағытты таңдайтынын мәлімдеді. Жиында басқа мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен егемендігін құрметтеу, олардың ішкі ісіне араласпау, мемлекетаралық қатынастарда күш қолданбау, халықаралық істерде БҰҰ қарарларына басымдық беру, барлық елмен ынтымақтастық пен татулықты нығайту сияқты қағидаттар талқыланды.
Кездесуде Түркіменстан мәңгілік бейтарап мемлекеттің конституциялық міндеттері туралы арнайы мәлімдеме жасады.
Түрікменстан сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қатынастар институты журналистика теориясы кафедрасының оқытушысы Тиркишмурат Дурдыевтың айтуынша, Түрікменстанның бейтараптығы нысаны бойынша “мәңгілік”, мағынасы бойынша “позитивті”. Бұл саясат БҰҰ-ға мүше 185 мемлекет, әлемдегі ең жоғары өкілді халықаралық орган, халықаралық-құқықтық жағдай бірауыздан мойындаған тарихи декларациямен бірауыздан ратификацияланды.
ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚ БЕЙТАРАПТЫҚТЫҢ “ТҮРКМЕНШЕ ҮЛГІСІНІНІҢ” МАҚСАТЫН БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАЙДЫ
1995 жылғы 12 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 50-сессиясында “Түркіменстанның тұрақты бейтараптығы” қарары қабылданды. Бұл жарлық БҰҰ-ның халықаралық қатынастар практикасындағы бейтараптық туралы алғашқы құжат ретінде тарихқа енді.
“Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастық бейтараптықтың “түрікменше үлгісінің“ мақсаттары жаһандық дамудың міндеттері мен талаптарына толық сәйкес келетінін және БҰҰ қағидаттары бұл жұмыста басымдыққа ие екенін бірауыздан мойындайды”, – деді Дурдыев.
Түрікменстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Тиркишмурат Дурдыевтың айтуынша, философиялық кітаптарда жер бетінде адам көп болған сайын, философия саны да соншалықты болатыны жазылады. Бұл дегеніміз, бір нәрсе туралы барлық пікір сәйкес келмейтінін айшықтайды. Ал бір жағынан, барлығы “әлем”ұғымымен келіседі. Сондықтан Түрікменстанның бейтараптық саясаты өзінің бейбіт әлеуетін үнемі кеңейтіп, жалпы әлемге шақыру рөлін арттыра түспек.
“НЕЙТРАЛИТЕТ КҮНІ” ТУРАЛЫ БАСТАМА ҚАШАН КӨТЕРІЛДІ
2015 жылғы 12 желтоқсанда түрікмен бейтараптығының 20 жылдығына арналған конференцияда Президент Гурбангулы Бердімұхамедов бейтараптықтың жаһандық маңыздылығын одан әрі нығайту үшін халықаралық “нейтралитет күнін” құру туралы бастама көтерді.
2017 жылдың 2 ақпанында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-ші сессиясында 12 желтоқсанды Халықаралық “нейтралитет күні” деп жариялау туралы қарарды бірауыздан қабылдау әлемдік қауымдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты және 2015 жылы ұсынылған президенттің осы бағыттағы ұсынысын жүзеге асырудың дәлелі болды.
“Біз Түрікменстанда бейтараптықты нығайтуға үлкен мән береміз және оның бірегей құқықтық мәртебесін мақтан тұтамыз. Бейтараптық – біздің доктринамыз, ол бүкіл әлемді бейбітшілікке, халықтар арасындағы достық және бауырластық қатынастарды дамытуға, гуманитарлық қағидаттар мен бірлікті ілгерілетуге шақырады”, – деді Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.
Нейтралитет күніне байланысты конференциялар, көрмелер, қысқа және онлайн-кездесулер тек Түркменстанда ғана емес, әлемнің бірнеше елінде өткізіледі.