Әзербайжанда жеңіске арналған парад өтті

0
89
Presidents Tayyip Erdogan of Turkey and Ilham Aliyev of Azerbaijan attend a military parade to mark the victory on Nagorno-Karabakh conflict, in Baku, Azerbaijan December 10, 2020. Turkish Presidential Press Office/Handout via REUTERS ATTENTION EDITORS - THIS PICTURE WAS PROVIDED BY A THIRD PARTY. NO RESALES. NO ARCHIVE.

10 желтоқсанда Бакуде Таулы Қарабақтағы жеңіске арналған әскери парад өтті. Қарашаның басында Армения мен Әзербайжан келісімге келіп, Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтатты. Ереван Таулы Қарабақтағы жеті ауданды Бакуге қайтарған.

Әзербайжан астанасының Азаттық алаңында өткен әскери парадқа президент Ильхам Әлиев пен Әзербайжанда сапарлап жүрген Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатысты. Ердоған Таулы Қарабақ соғысы кезінде Әзербайжанды қолдаған. Салтанатты іс-шара Отан соғысындағы жеңіс күніне арналған парад деп аталды.

Соғысты тоқтатқан келісім қарашаның 9-ынан 10-ына қараған түні күшіне енген. Әзербайжан бұл келісімді ірі жеңіс деп бағалады. Арменияда келісімнен кейін жаппай наразылық тұтанып, оппозиция жақтастары Пашинянның отставкаға кетуін талап етті.

Сарапшылардың айтуынша, Әзербайжан жеңісі Ердоғанға маңызды геосаяси мүмкіндік, себебі бұл Түркияның Кавказда ықпалды ойыншы ретінде рөлін нығайтуға жағдай жасайды.

Парадқа 3 мыңнан астам әскери қызметкер, 150 -дей әскери техника қатысқан. Арасында соғыста қарсыластан тәркіленген қару-жарақ түрлері де бар. Парад кезінде Баку айлағында әскери кемелер маневр көрсеткен. Іс-шараға түрік әскері де қатысқан.

Тараптар келісімге келгеннен кейін Түркия мен Ресей Әзербайжанда мониторинг орталығын құру туралы меморандумға қол қойды.

Ресей шенеуніктері Анкара мониторинг орталығының жұмысына ғана араласады, Таулы Қарабақта түрік бітімгер сарбаздары болмайды деп мәлімдеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз