Қазақстан футзалдан ЕЧ-ның алғашқы ойынында жеңіске жетті

0
202
9 желтоқсан күні Қазақстан құрамасы Футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі алғашқы ойында Венгрия құрамасын қабылдап, 5-0 есебімен айқын жеңіске жетті. 

Ойын басталысымен тізгінді қолға алған қазақстандықтар бірінші таймда жауапсыз төрт гол соқты(Арнольд Кнауб 7, 13; Дәурен Нұрғожин 10; Альберт Ақбалықов 14;). Екінші таймның екінші минутында есепті еселеп бесінші голды Дәурен Тұрсағылов соқты. Осылайша Каканың (толық аты – Па́улу Рика́рду Фиге́йра Си́лва) жаттықтыруымен қазақстандықтар үш ұпаймен топта бірінші орында тұр. 

Қазақстан бесінші топта Венгрия, Беларусия және Израиль құрамаларына қарсы ойнайды. Қалған екі команда арасында өткен ойын нәтижесі 0:3 есебімен сырт алаңда Беларусияның жеңісімен аяқталды.

Қазақстан келесі ойынын 2021 жылы 28 қаңтарда сырт алаңда Израильге қарсы өткізеді

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз