Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы отандық вакцина туралы не ойлайды?

0
239

Қазақстан осы айдың соңында коронавирустан қорғайтын ресейлік “Спутник V” вакцинасын өндіре бастайды. Келесі жылдың басында жаппай егуге кіріседі. 

Қазақньюс ақпарат агенттігінің тілшілері Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан отандық вакцина туралы пікірін сұрады.

Халық пікірі екіге айырылды. Бірі вакцина еккізбейтінін айтса, келесі бірі отандық медицинаға сенетінін жеткізді. Кейбірі коронавирустан вакцинасыз-ақ қорғанатынын айтты.

16 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде ресейлік вакцинаны дайындайтын зауыт салу жоспары барын мәлімдеген.

Бұған дейін Ресей билігі сынақтың үшінші фазасы аяқталмай жатып екі вакцина – Sputnik V және “ЭпиВакКорона” екпесінің тіркелгенін хабарлаған. Қазақстан мен Ресей Sputnik V жеткізу туралы келісімге де келген. Бірақ халықаралық сарапшылар сынақтың үшінші кезеңі аяқталмаған ресейлік вакцинаға күмәнмен қарайды. Sputnik V екпесін алған кейбір еріктілерден коронавирус табылған.

Осы аптада Ұлыбритания әлемде бірінші болып Pfizer/BioNTech вакцинасын жаппай егуді бастады. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз