Ұлыбританияда 90 жастағы әйел адамға Pfizer вакцинасы егілді

0
144
Pfizer вакцинасы бірінші егіліп жатқан Ұлыбритания тұрғыны. Photo: bbc.com

8 желтоқсан күні Ұлыбритания тұрғындарға коронавирус вакцинасын жаппай егуді бастады. Бағдарлама бойынша бірінші кезекте медицина қызметкерлері мен 80 жастан асқан адамдар вакцинациядан өтеді.

Коронавирус вакцинасы бірінші Маргарет Кенан есімді 90 жастағы әйел адамға салынған. Осы аптада 91 жасқа толатын тұрғын екпені “бұл туған күніме жасалған ең керемет сыйлық” деп атаған. 

Екі күн бұрын Ұлыбританияға америкалық Pfizer және германиялық BioNTech компаниясы бірігіп әзірлеген коронавирус вакцинасының 800 мың дозасы жеткізілген болатын. Өткен аптада Ұлыбритания әлемде бірінші болып бұл вакцинаны тіркеген болатын.

BBC сайтының жазуынша, Ұлыбританияда осы айдың соңына дейін 4 миллион адамға вакцина егіледі деп жоспарланып отыр.

Ұлыбритания Pfizer-BioNTech компаниясынан 40 млн доза вакцина алуға келіскен. Бұл 20 млн адамға екі реттен салынады. Вакцинация елдегі 50 шақты ауруханада жүргізіледі. Қараша айында компания вакцинаның вирустан 95 пайыз қорғай алатынын көрсетті деп мәлімдеген.

Ұлыбритания – Еуропада вирустан қатты зардап шеккен елдердің бірі. Мұнда 61 мыңнан астам адам коронавирустан қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз