Фискалды чекті жалған чектен қалай ажыратамыз?

0
183

Қаржы министрлігі телеграм әлеуметтік желісінде фискалды чекті жалған чектен қалай ажырататынын түсіндіріп бірнеше пункт көрсетті. 

Фискалды чекте төмендегідей ақпараттар болады:

1. Салық төлеушінің атауы;
2. Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
3. Бақылау-касса машинасының зауыт нөмірі;
4. Бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;
5. Чектің реттік нөмірі;
6. Тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақыты;
7. Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасы;
8. Фискалды белгі;
9. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің түпнұсқалығын тексеру үшін фискалды деректер операторының атауы және фискалды деректер операторы интернет-ресурсының деректемелері;
10. Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;
11. Сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;
12. Тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;
13. Егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеутін болса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасы;
14. Бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайы;
15. Бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих код.

Егер сізге берілген чекте жоғарыда көрсетілген деректер болмаса, онда ол чек фискалды чек болып есептелмейді.

*Фискалды чек – сатушының сатып алушыға беру үшін онлайн-кассадан шығаратын чегі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз