Ашхабадта Қырғызстан мен Түркменстан президенттері кездесті

0
135
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов. Photo: president.kg

28 маусым күні Ашхабадта Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов кеңейтілген форматта екіжақты келіссөз өткізді.

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ел басшылары сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов. Photo: president.kg

Президенттер өзара іс-қимылдың басым бағыттарының бірі сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жандандыру екенін, Қырғызстан мен Түркіменстанның сауда, энергетика, көлік және агроөнеркәсіптік кешен саласында әлеуеті жайында әңгімелескен.

Жапаров түркмен бизнесінің Қырғызстанның инвестициялық жобаларына кеңінен қатысатынынан үмітті екенін жеткізді.

Оның айтуынша, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарының бірі туризм саласындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ түркмен тоқыма сапасын қырғыз тігін саласының мүмкіндіктерімен біріктіруге болатын жеңіл өнеркәсіптің әлеуеті зор.

Бердімұхамедов сауда-экономикалық байланыстарды арттыру үшін елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті және мұны өзара тауар айналымының оң серпінінен көруге болатынын жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз