Бір күнде 1321 адамнан коронавирус анықталды

0
82
Жедел жәрдем көліктері.

28 маусымда Қазақстанда тағы 1321 адамның коронавирус анықталды. Бір күнде тіркелген науқастар жөнінен Нұр-Сұлтан қаласы әлі алда тұр. 

Дүйсенбі күні Қарағанды қаласында – 288, Алматыда 126 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда тіркелген науқастар жүзге жетпейді. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин дүйсенбі күні қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина алмаған ұжымның 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуі тиіс деп мәлімдеді.

Елде коронавирустың “үндістандық штамы” анықталғаны жайлы ақпарат тарағаннан кейін науқастардың қайта көбейгені байқалады. Мамандардың айтуынша, “үндістандық штамм” коронавирустың кәдімгі түріне қарағанда тез жұғады, аурудың асқыну ықтималдығы жоғары.

Қазіргі уақытта коронавирустың тарауы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары – “қызыл аймақта”, Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары – “сары аймақта”, Алматы облысы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары – “жасыл аймақта”.

27 маусымда 2 адамнан пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрі (коронавирус пневмониясы) анықталған. Бір күнде 23 адам қайтыс болған: 20 адам – коронавирустан, 3 адам пневмониядан көз жұмды деп айтылады.

Былтыр наурыз айынан бері елде 421 121 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 4 336 адам қайтыс болған. 1 тамыздан бері 56 942 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 3 446-сы қайтыс болған.

Қазір 24 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр. Басым бөлігінің ПТР тесті оң шыққан.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бірінші дозасын алғандар 3 246 795 адамға жетті. 1 954 372 адамға кемінде екі дозасы салынды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз