Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездеседі

0
194
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және президент Ресей президенті Владимир Путин.

30 маусым күні Мәскеуде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей елінің қазіргі президенті Владимир Путин кездесу өткізеді. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

Кездесуде Ресей мен Қазақстанның стратегиялық әріптестігі мен одақтастығын одан әрі дамыту мәселелері, сондай-ақ кейбір өзекті халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарланған.

Айта кетейік, осыдан 4 күн бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды фармацевтика зауытында өндірілген ресейлік “Спутник V” вакцинасының алғашқы дозасын ектірген болатын. Экс-президент, вакцина алғаннан кейінгі алғашқы ресми іс-сапарын Ресейден бастағалы тұр.

Оқи отырыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев вакцина салдырды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз