Семей қаласының әкімі ауысты

0
73
Семейдің жаңа әкімі Бақытжан Байахметов. Photo: inbusiness.kz

28 маусым күні Семей қаласының әкімі ауысты. Бұл туралы дүйсенбі күні Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі хабарлады.

“Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов депутаттармен келісе отырып, Семей қаласының әкімін тағайындады. 2019 жылдың сәуір айынан бері ШҚО әкімінің орынбасары болған Бақытжан Байахметов қала әкім болып тағайындалды” делінген әкімдік хабарламасында.

Жыл басында қала әкімі болып тағайындалған Нұрымбет Сақтағанов бұған дейін денсаулығына байланысты қызметінен кеткен еді.

Бақытжан Байахметов 1970 жылы 29 тамызда Аягөз қаласында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Орталық Азия университетін бітірген.

Ол 2019 жылдың сәуір айынан бері облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін 2010-2019 жылдар аралығында Аягөз қаласын, Ұлан және Аягөз ауданы әкімдігі басқарған. 2009-2019 жылдары Өскемен қаласында құрылыс бөліміне жетекшілік еткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз