UFC: Шавкат Рахмонов екінші жекпе-жегінде қарсыласынан екі есе аз гонорар алды

0
174
photo: prosports.kz / Шавкат Рахмонов vs Мишель Празерис

UFC-дегі қазақстандық Шавкат Рахмонов (14-0-0) “UFC Вегас 30” турнирінде бразилиялық Мишель Празеристі (26-4-0) жеңгенімен, қарсыласынан шамамен екі есе аз гонорар алды. 

Шетелдік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қазақстандық 28 мың доллар пайда тапты. Ал, бразилиялық өз беделінің арқасында 61 мың доллар гонорар алды.

Айта кетейік, бұл Шавкаттың UFC турниріндегі екінші жекпе-жегі және қатарынан екінші жеңісі.

Оқи отырыңыз: Шавкат Рахмонов UFC дебютінен қанша табыс тапты

Шавкат Рахмонов:

  • Жекпе-жек үшін 12000 доллар;
  • Жеңісі үшін 12000 доллар;
  • Жекпе-жектен бір апта бұрын 4000 доллар сыйақы.

Мишель Празерис:

  • Жекпе-жек үшін 50 000 доллар;
  • Жекпе-жектен бір апта бұрын 11 000 доллар сыйақы.

Шавкат Рахмонов бразилиялық қарсыласын турнирдің екінші раундында тұншықтыру әдісімен жеңді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз