Мирзиеев телефон арқылы Тоқаевқа көңіл айтты

0
336
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев. Photo: akorda.kz

15 наурызда Қазақстан және Өзбекстан президенттері телефон арқылы сөйлесті. Ақорда сайты таратқан ақпаратта Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеевтің Алматы әуежайы маңында болған әуе апатынан адамдардың қаза болуына байланысты президент Тоқаевқа көңіл айтқаны жазылған.

Президенттер Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасып, стратегиялық маңызы зор өңірдегі қауіпсіздікті, тұрақтылықты және өркендеуді қамтамасыз ету мақсатында ауқымды әрі жемісті ынтымақтастыққа екі тараптың да мүдделі екенін нақтылаған.

Екі ел үкіметтері өзара сауда-экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін шешу бойынша келісілген жұмыстарды жалғастыра бермек.

Мемлекет басшылары бір-бірін келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Өзбекстан халықтарына бақ-береке тіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз