Бірінші сыныпқа құжат қабылдау сәуірде басталады

0
436
фото: 24.kz сайтынан

1 сәуірден бастап egov.kz сайтында онлайн түрде 1-ші сыныпқа құжат қабылдау басталады.

Балаңызды 1-ші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды 1 тамызға дейін тапсыра аласыз.

egov.kz сайты арқылы өтінім бере отырып, келесі құжаттарды ұсыну қажет:
– ата-ана атынан (немесе олардың орнындағы тұлғалардан) өтінім;
– баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
-“Баланың денсаулық паспорты” 026/у-3 үлгісіндегі құжат;
– 063/у үлгісіндегі анықтама;
– 3х4 екі фотосурет.

Білім министрлігі берілген өтінім 1 жұмыс күні ішінде қаралатынын айтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз