Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік іс-сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді. Қазақстан, Жапаровтың президент болғалы іс-сапармен барған екінші мемлекеті.
Садыр Жапаровты әуежайдан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қарсы алды.
Мемлекеттік сапар аясында Садыр Жапаров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты келіссөздер жүргізіп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ өзара іс-қимылдың келешегін талқыламақ.
Сондай-ақ, Садыр Жапаров Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинмен және премьер-министр Асқар Маминмен кездеседі.
Қырғызстанда 10 қаңтардағы кезектен тыс президент сайлауында Садыр Жапаровтың 79 пайыз дауыс жинағаны хабарланған. Алайда бұл сайлауға дауыс берушілердің 39 пайыздан астамы ғана қатысқан. Дауыс санау толық аяқталмай жатып Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты телефон арқылы бірінші болып құттықтаған. Осы сөйлесуден соң Садыр Жапаров президент ретіндегі өзінің алғашқы сапарын Қазақстаннан бастайтындығын мәлімдеген.
Алайда қаңтар айының соңында Садыр Жапаровтың Ресейге сапарлайтыны туралы хабарланды.