20 мыңға жуық қазақстандық коронавирустан емделуде

0
110

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында бүгінгі күні нақты 19 694 адам коронавирустан ем қабылдауда.

2 наурыздағы мәлімет бойынша 20 мыңға жуық адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 6159 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 4 360 адам стационарда, ал 15 334 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 250 адамның жағдайы ауыр, 48 адамның жағдайы өте ауыр және 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қазақстанда өткен тәулікте 658 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Ал 893 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұдан бөлек коронавирустан 8 адам қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз