Қазақстанда өрттен қаза тапқандардың саны өсті

0
170
Қазақстан төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

Қазақстанда өрттен қаза тапқандардың саны 19 пайыз өсті. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты. 

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында тұрғын үй өртеніп бір үйдің бес баласы қайтыс болды

“2020 жылы ел бойынша 13 933 өрт тіркелді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4 пайызға аз. Өрттен зардап шеккендердің саны 7 пайызға қысқарды. Сонымен қатар өрттен қаза тапқандардың саны 19 пайызға 326-дан 389 адамға дейін өсті”, – деді министр Ильин.

Министрдің айтуынша, өткен жылы тұрғын үйлерде 32 газ баллоны жарылып 11 адам қаза тапқан. 2019 жылы 27 жарылыстан 10 адам көз жұмған. Ал осы жылдың басынан бері Қазақстанда 28 жарылыс болған. 4 адам қаза тапқан, 57 адам зардап шеккен.

Оқи отырыңыз: Түркістанда анасы мен төрт бала газдан уланып қайтыс болды

Қазақстанда уақытша баспаналардың өртке орануы жиі болады. 18 ақпанда Қызылордада уақытша баспана өртеніп, бір отбасының бесіктегі баласы қайтыс болған. Төрт бала зардап шеккен.

2019 жылы 4 ақпанға қараған түні Астана қаласының (қазіргі Нұр-Сұлтан) шетіндегі Көктал-1 елдімекеніндегі шағын үйден өрт шығып, бір үйдің бес қызы қазаға ұшырады. 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз