Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Қазыбек Иса Франция мен Қазақстан арасында жасалған келісім шарт үш тілде, яғни, француз, қазақ және орыс тілдерінде жасалғанын атап өтіп, мұндай келісім шарттарға орыс тілін қосуды сынға алды, деп хабарлайды kazaknews.kz.
Депутат сондай ақ, жуырда ғана Сингапурмен жасалған келісім шарттың да осылай үш тілде жасалғанын айтты.
«Келісім шарт жасасып отырған Қазақстан мен Франция. Бірақ келісім үш тілде жасалған. Қазақ, француз және орыс тілдерінде. Біз Тәуелсіздік алғанымызға 32 жыл болды. Бұл жерде орыс тілінің не қажеті бар?», –деді депутат.
Ал ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұл келісімшарттардың орыс тіліндегі нұсқасы шетелдік банктер, халықаралық қаржылық институттар үшін жасалатынын және алдағы уақытта бұл ережені ескеретін айтты.