27 мемлекетті біріктіретін халықаралық форум Душанбеде

0
116

Душанбеде 14-15 маусымда  – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі (АӨСШК ) саммит өтеді.

Саммитке 10 елдің – Ресей, Қытай, Иран, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Бангладеш, Түркия және Шри-Ланка президенттері, сондай-ақ Ауғанстан үкіметінің басшысы Абдулла Абдулла қатысады.

Бангладеш пен Шри-Ланка президенттері Душанбеге 13 маусымда келді.

Сонымен қатар, Душанбеде саммит жұмысына қатысу үшін Бахрейн, Вьетнам, Египет, Израиль, Үндістан, Иордания, Ирак, Катар, Камбоджа, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Палестина, Таиланд, Беларусь, Индонезия, АҚШ, Филиппин, Малайзия, Украина, Жапония, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ және ТМД Атқару Комитетінің жоғары лауазымды делегациялары келеді.

Саммиттің негізгі шаралары астаналық “Кохи Навруз”сарайында өтеді.

АӨСШК бесінші саммитінің жұмысын 650 отандық және шетелдік журналист жариялайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске төрағалық ету Қытайдан Тәжікстанға өткен болатын. АӨСШК-Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін құрылған, 27 мемлекетті біріктіретін халықаралық форум. Тағы 8 мемлекет пен 5 халықаралық ұйым бақылаушы мәртебесіне ие.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз