Пхенчхан мен Каннындағы олимпиадалық қалашықтар қазақстандық спортшылардың қабылдауға әзір. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлімдеді.
Ұйымдастыру комитеті бәрін қадағалап, спортшыларымыз үшін барлық жағдай жасап қойды. Пхенчхан мен Каннындағы олимпиадалық қалашықтарда алғаш болып еліміздің туы ілінді.
Естеріңізге сала кетсек, қысқы Олимпиада ойындарының басталуына бір аптадан астам уақыт қалды. Пхенчханда қазақстандық спортшылар 9 спорт түрінен 46 жолдама жеңіп алды.
Олимпиада ойындары екі кластерде орналасқан 12 спорт нысанында өтеді. Пхенчхан таулы кластерінде шаңғы спортынан жарыстар өтсе, жағажайдағы Каннын кластерінде коньким спортынан бәсекелер өтеді. Олимпиада ауылдары екі кластерде болмақ.
Олимпиада ауылына бірінші болып ақпанның бірінде біздің биалтоншыларымыз орналаспақ. Ертеңінде тау шаңғышыларымыз бен конькишілеріміз кіреді. Артынша, шорт-трекшілер мен могулшылар жайғаспақ.
Шаңғышылар мен тұғырдан секірушілер ақпанның 5-де оларға қосылады. Фристайл-акробатикадан ұлттық құрама Кореяға ақпанның сегізінде келеді. Мәнерлеп сырғанаушылар жарыс өтетін жерге жеке-жеке келмек.
Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 9 мен 25 аралығында өтеді. Ашылу салтанатында еліміздің көк туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады.