Финляндия президенті екінші мерзімге қайта сайланды

0
96
дереккөзден

Финляндияның қазіргі президенті Саули Ниинистё сайлауда жеңіске жетті.

ТАСС таратқан ақпарға сәйкес, сайлауға тәуелсіз кандидат ретінде қатысқан Саули Ниинистё 62,7 % дауыс жинаған.

Екінші орында – «жасыл» Одақ» оппозициясының үміткері Пекка Хаависто 12,4% дауыс иеленсе, үшінші орында – «Шынайы финдерден» кандидат Лаура Хухтасаари 6,9 % дауыс жинаған. Үкіметтің Ұлттық коалициялық партиясының жоғары лауазымына үмітті Ниинистё 6 жыл бұрын да жеңіске жеткен еді.

Атап өтерлігі, Финляндиядағы президент сайлауы нәтижесінің нақты шешімі 30 қаңтарда жария болады. Жаңа президентті ұлықтау рәсімі 1 ақпанда өтеді деп күтілуде. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз