2021 жылы 4-11 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында бірінші ТМД елдерінің ойындары өтеді. Бұл туралы спорт министрлігі хабарлады.
Бәсекеге 10 мемлекеттен 2 мыңнан астам делегат келеді. Қатысатын мемлекеттер: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Ресей Федерациясы.
Сонымен қатар 1 200 волонтер (ерікті) мен 460 төреші қатысады. 16 спорт түрінен 184 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Спорт түрлері:
- Бадминтон
- 3х3 баскетбол
- Бокс
- Үстел теннисі
- Белбеу күресі
- Дзюдо
- Кураш
- Самбо
- Еркін және грек-рим күресі
- Каратэ
- Тай боксы
- Нысана көздеу
- Стенд ату
- Би спорты
- Футзал
- Көркем гимнастика
Айта кетейік, бұл дода 2020 жылы тамызда өтуге тиіс болған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты ТМД елдерінің ойындары бір жылға кейінге шегерілді.