4 қыркүйекте І ТМД елдерінің ойындары өтеді

0
180

2021 жылы 4-11 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында бірінші ТМД елдерінің ойындары өтеді. Бұл туралы спорт министрлігі хабарлады.

Бәсекеге 10 мемлекеттен 2 мыңнан астам делегат келеді. Қатысатын мемлекеттер: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Ресей Федерациясы.

Сонымен қатар 1 200 волонтер (ерікті) мен 460 төреші қатысады. 16 спорт түрінен 184 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Спорт түрлері:

  1. Бадминтон
  2. 3х3 баскетбол
  3. Бокс
  4. Үстел теннисі
  5. Белбеу күресі
  6. Дзюдо
  7. Кураш
  8. Самбо
  9. Еркін және грек-рим күресі
  10. Каратэ
  11. Тай боксы
  12. Нысана көздеу
  13. Стенд ату
  14. Би спорты
  15. Футзал
  16. Көркем гимнастика

Айта кетейік, бұл дода 2020 жылы тамызда өтуге тиіс болған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты ТМД елдерінің ойындары бір жылға кейінге шегерілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз