«Астана» футбол-клубы Еуропа лигасында Чехияның «Славия» командасын жеңіп, тұңғыш рет плей-офф кезеңінен шықты. Ойын 7 желтоқсан күні Прагадағы «Эден» стадионында өтті деп хабарлайды Vesti.kz.
Плей-оффқа жолдама алу үшін елордалық командаға жеңіс қажет еді.
Ойынның жалғыз голы бірінші таймның соңында яғни 38 минутта Маин Аничич соқты. Бастапқыда гол бас төреші есебінен есепке алынбағанымен, кейіннен көмекшісімен ақылдаса келе гол есепке тіркелді.
Екінші таймда қарсылас команда ширақ қимыл жасағанымен, елордалық футболшылар сәтті қорғана білді. Қақпашы Ненад Эрич бірнеше рет қақпаны голдан қорғап қалды. Нәтижесінде “Астана” 10 ұпаймен Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты.
Сабина Сайлаубай