Астана қаласында ересектер арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды kazaknews.kz.
Құрлықтық дода алғашқыда Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өткізіледі деп жоспарланған болатын.
“Оны ұйымдастырушылар Астана қаласына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Балуандар 7-14 сәуір аралығында жүлделерді сарапқа салады”, – деді күрес федерациясы баспасөз қызметінің жетекшісі Аспандияр Есенжолов.
Азия чемпионаты 1979 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Қазірге дейін қазақстандық балуандар барлығы 307 медаль жеңген.
Олардың 81-і алтын, 85- күміс, 141-і қола. Бұл жөнінен медальдар кестесінде төртінші орында тұр. Иран, Жапония, Оңтүстік Корея құрамалары алғашқы үштік сапында тұр.