Тоқаев Финляндияның министрі Вилле Скиннариді қабылдады

0
127

Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндияның сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-фин үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Вилле Скиннариді қабылдады, деп хабарлайды kazaknews.kz тілшісі.

Финляндияның Орталық Азия елдерімен сауда айналымының 90 пайызы Қазақстанға тиесілі.

Мемлекет басшысы фин кәсіпкерлерінің Қазақстанға құятын инвестициясын ұлғайта түсу үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізген.

Министр Қазақстанға сапармен келген делегация құрамында Nurminen Logistics Plc, Nokia, EastCham Finland, Business Finland, Lamor, Wärtsilä Finland, PayIQ, EPSE секілді 15 ірі фин компаниясының өкілдері бар екенін жеткізді. Алдағы кездесулер барысында сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланады.

Бұдан бөлек, фин тарапы Астанадағы Финляндия елшілігі жанынан Орталық Азия елдерінің азаматтарына қызмет көрсететін виза хабын ашады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Саули Ниинистёге ізгі тілегін жолдап, Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз