17 қыркүйек күні өткізілетін марафонға байланысты елордамыздағы бірқатар көшелер жабылып, қоғамдық көліктердің бағыты біршама өзгертілетін болады.
Сонымен қатар, төтенше жағдайлар туындамауы үшін марафон басталғанда аталған көшелерде қазғалыс толықтай тоқтатылады.
Таңғы сағат 7:00-ден кешкі 19:00-ге дейін мына учаскелер бойынша қозғалыс тоқтатылады.
- Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн бин Талал көшесінен Бұхар жырау көшесіне дейін,
- Бұхар жырау көшесі мен Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік ел даңғылына дейін,
- Мәңгілік ел даңғылы мен Бұхар жырау көшесінен Сығанақ көшесіне дейін,
- Сығанақ көшесі мен Мәңгілік ел даңғылынан Нәжімеденов көшесіне дейін,
- Панфилов көшесі мен Сығанақ көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін
Таңғы сағат 8:00-ден 10:30-ға дейін мына учаскелер бойынша қозғалыс тоқтатылады.
- Тәуелсіздік даңғылы мен Панфилов көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін,
- Нәжімеденов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылынан Сарыкөл даңғылына дейін,
- Сарыкөл даңғылымен Нәжімеденов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін,
- Байтұрсынов көшесі мен Сарыкөл даңғылынан Қошқарбаев даңғылына дейін,
- Қошқарбаев даңғылы мен Байтұрсынов көшесінен Жұмабаев көшесіне дейін,
- Жұмабаев даңғылы мен Қошқарбаев көшесінен Момышұлы даңғылына дейін,
- Момышұлы даңғылы мен Жұмабаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін.
Таңғы сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін мына учаскелер бойынша қозғалыс тоқтатылады.
- Абылай хан даңғылы мен Момышұлы даңғылынан Жұмабаев даңғылына дейін,
- Жұмабаев даңғылы мен Абылай хан даңғылынан Қошқарбаев даңғылына дейін,
- Қошқарбаев даңғылы мен Жұмабаев даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейін.
Сағат 11:30-ден 13:00-ге дейін мына учаскелер бойынша қозғалыс тоқтатылады.
- Мәңгілік Ел даңғылы мен Қошқарбаев даңғылынан Қонаев көшесіне дейін,
- Қонаев көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылынан Қабанбай батыр даңғылының шығысына дейін,
- Қабанбай батыр даңғылының шығысына бастап, Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін,
- Достық көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының шығысынан бастап Мәңгілік Ел даңғылына дейін,
- Мәңгілік Ел даңғылы мен Достық көшесінен бастап Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі көшелер жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылады.
Астана қаласының ішкі істер департаменті көлік кептелісіне тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді.
Естеріңізге сала кетейік қыркүйектің 17-сі, жексенбі күні, елордада Астана марафоны басталады. Ауқымы кең іс-шараға еліміздің ғана емес, сондай-ақ, АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Испания, Италия, Корея, Қырғызстан, Қытай, Украйна, Малайзия және Ресей сынды шет елдерінің спортшылары қатысады. Жалпы, марафонға қатысушылар саны 4500 адамға жетеді деп жоспарлануда.
Жадыра Аманбайқызы