Атбасар ауданында көкпар және бәйгеден жарыс өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Көкпар мен бәйгеге Ярослав, Новомариновка және Ақан Құрманов ауылдық округтерінің шабандоздары қатысты. Көкпар ойынында “Алтын дән” (Родионовка) командасына тең келер ешкім болмады. Бәйгеде А.Сайфуллиннің аты бірінші келді. Сондай-ақ, Г.Анисимов, Д.Аяшев, Д.Вакулин сияқты бірқатар шабандоздар жақсы нәтиже көрсетті”, дейді әкімдіктегілер.
Бұдан кейін жарысқа қатысушылар Наурыз мейрамына арналған кең ауқымды ат – спорттық іс-шараларға дайындалатын болады.