Астанада бір көше уақытша жабылады

0
144
Көше жабық.

26 ақпан күні Астанада сағат 10:00-ден 17:00-ге шейін Қ. Сәтбаев – Балқантау көшелерінің қиылысында жөндеу жұмыстарына байланысты, автобус қозғалысы шектеледі. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

“№14 бағдарлы автобус бастапқы “Теміржол вокзалынан” Қ. Сәтбаев көшесі мен Б. Момышұлы даңғылының қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді, сол жерден оңға – Б. Момышұлы даңғылына, солға – Тәуелсіздік даңғылына, солға – Р. Қошқарбаев көшесіне, солға – Аманжолов көшесіне бұрылып, ары қарай әдеттегі бағытымен жүреді”, – делінген хабарламада.

Автобус қайтарда да дәл осы бағдармен жүреді.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз