Жаңа ұлттық экономика министрі туралы не айқын

0
76
дереккөзден

25 ақпанда ҚР Парламенті Мәжілісінің мақұлдауы және мемлекет басшысының жарлыққа қол қоюымен жаңа экономика министрі тағайындалды. Аталған лауазымға Руслан Дәленов келді. Бұған дейін ұлттық министр қызметін Тимур Сүлейменов атқарған еді. Атап өтерлігі 21 ақпанда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР үкіметін отставкаға жіберетінін хабарлады.

Руслан Дәленов 1975 жылы 8 ақпанда Целиноградта (Астана) дүниеге келген.

Түркияның Стамбұл қаласындағы Мармара университетін “Экономика” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілі

Еңбек жолын 1999-2002 жылдары мұнай, газ және энергетика бөлімінің басшысы, кірістерді талдау және болжау департаментінің басшысы болып бастады.

2002 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың мамырына дейін қаржы министрлігі кірістер, конвенция және келісімшарт департаменті ағымдағы кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы болды.

2003 жылдың мамырынан 2003 жылдың қыркүйегіне дейін қаржы министрлігі салық комитеті кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасының басшысы болса, 2003 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қаңтарына дейін қаржы министрлігі кірістерді талдау департаментінің директоры болды.

Ал 2005-2008 жылдар аралығында “Инвестициялар тиімділігін зерттеу агенттігі” ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі-ред)  экономикалық тобының жетекшісі, жекеменшік компания директоры қызметтерін атқарды.

2008 жылдың наурызынан 2017 жылдың сәуіріне дейін қаржы вице-министрі лауазымында болды.

2017 жылдың сәуірінен 2019 жылдың 25 ақпанына дейін ұлттық экономика бірінші вице-министрі болды.

Отбасылық жағдайы: үйленген, әйелі – Дәленова (Айтжанова) Жанара Қуандыққызы, үш баласы бар. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін біледі.

Марапаттары

2012 жылы “Ерен еңбегі үшін” медалімен, “Қаржы қызметінің үздігі” төсбелгісімен, 2015 жылы ІІ дәрежелі “Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталған.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз