Болгарияның София қаласында өткен әйелдер күресінен U20 әлем чемпионатында Қазақстан екі күміс медальмен оралды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алтын Шағаева 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Үндістандық Антимнен жеңіліп, екінші орынға ие болды.
Сондай-ақ, Анастасия Панасович (72 келіге дейін) финалында жеңіліспен аяқтады. Шешуші айқас АҚШ-тан Эми Тейлордың еншісінде.