Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
166
Найзағай. Көрнекі сурет.
Қазақстанның алты аймағында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. 

Қызылорда облысының орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Дүйсенбі күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан күтілетін желдің екпіні – 15-20 м/с.

22 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20, екпіні – 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні – 15-20 м/с.

22 тамызда Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз