Қазақстан жасөспірімдер олимпиадасында үшінші медалге қол жеткізді

0
46
Ұлттық олимпиада комитеті

Канвон қаласында (Оңтүстік Корея) Аустрия мен Қазақстан құрамалары арасында 3х3 хоккей турнирінде үшінші орын үшін кездесу өтті.

Кездесудің нәтижесі 6:5 (1:4, 2:1, 2:1) есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді. Осылайша олар Аустриядан топтық кезеңде кеткен есесін қайтарып, Олимпиаданың қола жүлдегерлері атанды. 

Енді Қазақстанның қоржынында үш жүлде бар: бір алтын және екі қола.

Бұған дейін Канвонда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында шаңғымен секіруден Илья Мизерных чемпион атанса, шорт-трекші Полина Омельчук қола жүлдені иеленген болатын.

Ойындар 1 ақпанға дейін жалғасады. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз