Қазақстандық теннисші Александр Бублик мексикалық Монтеррейде өткен турнирде топ жарды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
“Челленджердің” финалында Бублик эквадорлық теннисші Эмилио Гоместі 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Бұған дейін қазақстандық теннисші серб Педжа Крштинді, америкалық Митчелл Крюгерді, испаниялық Фелисиано Лопес пен АҚШ-тың тағы бір өкілі, турнирдің фавориті Теннис Сандгренді жарыс жолынан шығарып тастаған болатын. Соның арқасында Бублик АТР рейтингінің ТОП-100 теннисшісі қатарына енді. Ол 120-орыннан 99-ға көтерілді.
Қазақстандық теннисшінің АТР рейтингіндегі ең үздік көрсеткіші – 95-орын.