Парижде қазақстандық фотографтың көрмесі ашылды

0
196
Париже көрмесі өткен қазақстандық фотограф Тұрар Қазанғапов

Сәуірдің 3-5 аралығында Франция Астанасы Парижде фотограф Тұрар Қазанғаповтың “Менің Қазақстаным” атты көрмесі өтті. Бұл туралы KAZAKNEWS хабарлады.

Бұл экспозицияның ашылуына елшілік пен Қазақстанның Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі Ғалиев Жан Сержанұлы бастама жасаған.

Көрменің ашылу салтанатында лентаны Париждегі орталық бірінші округтін мэрі Жан-Франсуа Легарет пен Қазақстанның Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Ғалиев қиды.

Көрме лентасын Париждегі орталық бірінші округтін мэрі Жан-Франсуа Легарет пен Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Ғалиев қиды.

Көрме Париждің қақ ортасында Луврға қарама-қарсы көне ғимараттың ішінде орналасқан. Экспозицияға Тұрар Қазанғаповтың бірнеше жыл бойы жасап келе жатқан еңбегінің сюжеттері негіз болды.

Көрме авторы Тұрар Қазанғапов Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Ғалиевпен.

Көрмеде қойылған жұмыстардың арасынан Сəкен Сейфуллиннің туған ауылының суреті де бар. Аталмыш көрме арқылы Қазақстанның қандай əрқилы екенін көруге болады.

Көрменің ашылуы кезінде Париж төрінде Ұлыстың Ұлы күні де аталып өтілді.

Бұл іс-шараны Қазақстанның Франциядағы елшілігі ұйымдастырған.

Көрмені тамашалауға қала басшылығы, сонымен қатар Франция елінің өнер майталмандары келген. Дәстүр бойынша, аталмыш шараға Францияда тұратын қазақ диаспорасы да атсалысқан.

Тұрар Қазанғаповтың авторлық суреттерін мына жерден көрсеңіз болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз