БИЛ оқушылары арасында республикалық футзал турнирі өтті

0
478

21-22 мамыр күндері Нұр-Сұлтанда “Білім-Инновация” және Білім Орда халықаралық қорларына қарасты мектеп оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Биыл жарыс БИЛ және Білім Орда қорларының ұйымдастыруымен 5-рет өтуде. Турнирдің финалдық кезеңіне 2021 жылдың күзінде ұйымдастырылған аймақтық кезеңнен іріктелген командалар қатысты. Олар Нұр-Сұлтан, Өскемен, Петропавол, Ақтау, Көкшетау, Талдықорған, Тараз, Құлсары, Кентау, Жезқазған және Қызылорда өңірлерінен келген жасөспірімдер.

Турнир екі лигаға, кіші және аға буын болып бөлінген. Кіші буында, 7-8 сынып оқушыларынан құралған 9 команда, ал аға буында 9-11 сынып оқушыларынан құралған 6 команда қатысты.  

Кіші буын арасында петропавлдық “Qyzyljar” командасы жеңіске жетті. Олар финалда ақтаулық “Каспий” командасын 3-1 есебімен жеңді. Бұдан бөлек жергілікті “Астана” командасы және талдықорғандық “Талдық БИЛ” командасы үшінші орынға ие болды.

Аға буын арасында жергілікті “Астана” командасы алтын медальға ие болды. Ал Жамбыл экономика колледжінің студенттері финалда 0-2 есебімен жеңіліп, күміс медаль иегері атанды. Ал жартылай финалда жарыс жолын аяқтаған “Каспий” және “AKTEL” командалары қола медальды бөлісті.

Турнир соңында марапаттау рәсімі өтіп, бірінші орын алған екі лиганың командаларына “Білім-Инновация” және Білім Орда халықаралық қорлары атынан PlayStation 5 ойын приставкалары табысталды.

Нұр-Сұлтан “Білім-Инновация” лицейінің “Астана” командасы, фото: inst: @bil.astanaboys

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз