Ербол Сейпілов: Қазақстанда шығарылатын көліктер халықаралық талаптарға сай

0
288
Several new cars at dealership salon. photo: bankstoday.net

Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілі Ербол Сейпіловтің айтуынша Қазақстанда және ТМД елдерінде шығарылатын көліктер халықаралық талаптарға сай. Бұл туралы ortcom.kz сайты хабарлады.

“Қазақстандықтардың сұранысы аз уақытта өтеледі. Ал қысқа уақытта құрастырылған көліктер сапасы сын көтермеуі мүмкін. Оны кім қадағалайды?” Орталық коммуникациялар қызметі алаңында спикерлерге осындай сұрақ қойылып, оған автобизнес қауымдастығының өкілі Ербол Сейпілов жауап берді: 

Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілі Ербол Сейпілов

“Бұл көліктер бірнеше тексеруден өтеді. Оларды шығармас бұрын «көлікті мақұлдау типі» деген арнайы құжат бар. Оны алу – өте қиын процедура. Оның ішіне еуропалық хаттамалар, сертификаттар, декларациялар кіреді. Бұл құжатты алған соң көліктердің барлығы сапасы жағынан тексеріледі. Жалпы дүниежүзілік тәжірибе бойынша әрбір бренд ұстаушы зауыт сол көліктердің шығарылуын әлем бойынша тексереді – сапасын, қауіпсіздік талаптарын. Сондықтан ешқандай күмән болмауы керек”, – дейді спикер.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз