Дүниежүзілік гимназиадада Қазақстан құрамасы 3-орынға тұрақтады

0
202
фото: Білім және ғылым министрлігі

Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 32 күміс және 21 қола иеленді. Еліміздің құрамасы 3-орынға тұрақтап, үздік үштікке енді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Турнир кестесінде алтын және күміс медальдар саны бойынша Қазақстан 3-орында, ал қола медаль саны бойынша 5-орында тұр. Сонымен бірге ұлттық құраманың басшылығы қатысушыларға тағы 2 алтын медальды қайтарып беру үшін апелляция берген.

Гимназиадада әлемнің 70 елінен 16-18 жас арасындағы 3,5 мың оқушы қатысқан. Турнир 14-22 мамыр аралығында Францияның Нормандия қаласында өтті. Қазақстанның атынан жарысқа 234 оқушы қатысқан.

Қазақстан құрамасы спорттың 18 түрінен жарысқа қатысты.  Бұл жарыстарда оқушыларымыз барынша көп медаль алуға тырысқан спорт түрлері:
• Бадминтон;
• 3х3 баскетбол;
• Бокс;
• Еркін күрес;
• Әйелдер күресі;
• Грек-рим күресі;
• Дзюдо;
• Жеңіл атлетика;
• Үстел теннисі;
• Спорттық бағдарлау;
• Жүзу;
• Жағажай волейболы;
• Регби;
• Спорттық гимнастика;
• Садақ ату;
• Таеквондо;
• Семсерлесу;
• Көркем гимнастика.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз