Автонесиелеу бағдарламасы басталғалы 34 адам жаңа автокөлік мінді

0
174
Photo: Kolesa.kz

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы биыл 16 мамырда іске қосылды. Содан бері келіп түскен өтініштер қарастырылып 34 адамға автокөлік берілген. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева мәлімдеді.

Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы револьверлік механизммен 100 млрд теңгені құрайды. Жалпы, бастапқы кезеңде 10 000 автокөлікті жаңарту көзделген. Бұдан әрі револьверлік механизм кезінде, несиені өтеуден түскен қаражат есебінен игеріледі. Бүгінгі таңда өтінімдерді Центр Кредит Банкі, Еуразиялық банк, Халық банкі қабылдайды, сондай-ақ бүгіннен бастап Forte Bank қосылады.

“Бағдарлама басталғаннан бері 14 507 өтінім қабылданды, 35,7 млрд теңге сомаға 4 834 өтінім мақұлданды. 34 автокөлік берілді (Нұр-Сұлтан 11, Алматы 4, Ақтөбе облысы 3, Алматы облысы 1, БҚО 1, Жамбыл облысы 4, Павлодар облысы 4, Шымкент 6). Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері, азаматтардың өтініштерінің қорытындылары бойынша Екінші деңгейдегі банктерге төлеуге шот ұсыну үшін автомобильдің VIN кодының болуы бойынша талап алынып тасталды”, – деп атап өтті спикер.

Бұдан бөлек орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте автобизнес қауымдастығының өкілі Қайрат Еламановтың айтуынша автосалондар қоймаларында 8 мыңға жуық автокөлік резерві жинақталған.

“Бағдарлама бойынша бірінші кезеңде кемінде 10 мың автомобиль берілуі мүмкін, бірақ барлығы орташа чекке байланысты болады. Егер орташа чек былтырғыдай 10 млн теңгеден төмен болса, онда шамамен бағдарлама бойынша 15 мың автомобиль берілуі мүмкін. 2020 жылы қазақстандық зауыттар шамамен 93 мың автомобиль шығарды. Жылдар бойынша айтар болсақ, бұл жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша берілуі мүмкін автомобильдердің шамамен 15%-ы. Сондықтан автомобильдер тапшылығы туралы сөз жоқ”, – дейді Қайрат Еламанов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз