Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Ла-Нусияда (Испания) өткен Boxam Elite-2024 турнирінде екі алтын медаль жеңіп алды. 

Sports.kz сайтының хабарлауынша, Жазира Орақбаева (52 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Финалда Қазақстан намысын тоғыз спортшы қорғаған.

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек нәтижесі:

48 кг. Әйгерім Сатыбаева (Қазақстан) – Кармен Гонсалес Ортега (Испания) – 1:4

50 кг. Назым Қызайбай (Қазақстан) – Айра Виллегас (Филиппин) – 2:3

52 кг. Жазира Орақбаева (Қазақстан) – Каелла Мопин (Франция) – 4:1

54 кг. Әнел Сақыш (Қазақстан) – Сирин Шаараби (Италия) – 0:5

63 кг. Аида Әбікеева (Қазақстан) – Сача Хайки (Англия) – 0:5

70 кг. Мадина Нұршаева (Қазақстан) – Чен Ныен Чин (Тайвань) – 0:5

75 кг. Гүлсая Ержан (Қазақстан) – Херги Басядан (Филиппин) – 0:5

81 кг. Фариза Шолтай (Қазақстан) – Эмбер Мосс-берч (Англия) – 0:5

+81 кг. Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан) – Сайра Гарсиа Гарай (Испания) – 5:0

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз