Алмадада (Португалия) дзюдодан Гран-при аяқталды. Қазақстан командасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Әйелдер арасында Абиба Әбужақынова (48 келіге дейін) алтын жүлдемен марапатталды. Екінші орында Ғалия Мыңбаева (48 келіге дейін) жеңіп алды. Яғни финалда екі қазақстандық спортшы кездесті. Ал ерлер арасында Жансай Смағұлов (73 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.
Қола медаль үшін таласта Дидар Хамза (90 кг дейін) және Камилла Берликаш (78 кг жоғары) жеңіліс тапты.