Астанадан Анкараға тікелей әуе рейсінің билеті сатылымға шықты

0
112
Fly Arystan ұшағы.

FlyArystan әуе компаниясы Астанадан Анкараға Airbus A320 ұшақтарымен орындалатын рейске билеттерді сатылымға шығарды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Екі ел астанасы арасындағы тікелей рейстер 23 мамырдан бастап аптасына 2 рет сейсенбі және сенбі күндері орындалады.

“2021 жылы Түркия FlyArystan маршруттық желісіндегі алғашқы халықаралық бағыт болды. Екі жыл ішінде Ыстамбұл қазақстандықтардың сүйікті бағытына айналды және біз Анкара туристер үшін де, жұмыс бойынша саяхаттайтын бизнесмендер үшін де сұранысқа ие рейс болады деп үміттенеміз“, – деп бөлісті маршруттық желіні жоспарлау жөніндегі директор Ренат Әбілханов.

Ол Түркия астанасы тек астаналықтар үшін ғана емес, Алматы, Шымкент, Семей, Қызылорда, Ақтау және Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындары үшін де қолжетімді болатынын атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз