17 қыркүйекте футболдан Еуропа лигасының екінші квалификациялық турында қазақстандық үш команда жеңіліс тауып, лигадағы шығып қалды.
Үштіктің алғашқысы болып Қайсар құрамасы кипрлік АПОЭЛ футбол клубын қабылдады. Есепті, 7 минутта Лобжанидзенің голымен Қайсар құрамасы ашқанымен, АПОЭЛ клубы қатарынан 4 гол соқты.
Астана футбол клубы Чемпиондар лигасының үшінші квалификациялық турында ұтылып, ереже бойынша Еуропа лигасының 2 квалификациялық турына түсті. Жеребе бойынша Черногория елінің Будучност клубымен түсіп, ойынның фавориті атанды. Алайда Алматы қаласында өткен матчтың 25 минутында гол жіберіп, 0-1 есебімен ойынды аяқтады.
Үшінші ойында Қайрат футбол клубы өзге елде 2-1 есебімен “Маккаби” Хайфа клубына есе жіберді. Осылайша қазақстандық футбол клубтарының үздіктері үшін Еуропа лигасы сәтсіз аяқталды.