Еуропа лигасы: Бір күнде қазақстандық үш команда жеңіліс тапты

0
188

17 қыркүйекте футболдан Еуропа лигасының екінші квалификациялық турында қазақстандық үш команда жеңіліс тауып, лигадағы шығып қалды.

Үштіктің алғашқысы болып Қайсар құрамасы кипрлік АПОЭЛ футбол клубын қабылдады. Есепті, 7 минутта Лобжанидзенің голымен  Қайсар құрамасы ашқанымен, АПОЭЛ клубы қатарынан 4 гол соқты.

Қайсар ФҚ (1-4) АПОЭЛ

Астана футбол клубы Чемпиондар лигасының үшінші квалификациялық турында ұтылып, ереже бойынша Еуропа лигасының 2 квалификациялық турына түсті. Жеребе бойынша Черногория елінің Будучност клубымен түсіп, ойынның фавориті атанды. Алайда Алматы қаласында өткен матчтың 25 минутында гол жіберіп, 0-1 есебімен ойынды аяқтады.

Астана ФҚ (0-1) Будучност ФҚ

Үшінші ойында Қайрат футбол клубы өзге елде 2-1 есебімен “Маккаби” Хайфа клубына есе жіберді. Осылайша қазақстандық футбол клубтарының үздіктері үшін Еуропа лигасы сәтсіз аяқталды.

“Маккаби” Хайфа (2-1) Қайрат ФК

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз