Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикандық Сауль Альвареспен қолғап түйістіруге тас-түйін дайындықты бастап кетті. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында дайындықтарды бастағанын, құраманың да жұмысқа дайын екенін жазады.
«Канело»-GGG реваншы 5 мамырда Лас-ВегастағыT-Mobile Arena-да өтеді. Қос былғары қолғап шеберінің алғашқы қолғап түйістіруі өткен жылдың 16 қыркүйегінде өтті. Қазылар алқасының шешімімен жеңіс екі боксшыға да бұйырмады, есеп тең түсті.