КХДР-мен оң мәміле әлем үшін де пайдалы – Трамп

0
86
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР-мен «мәміле» сәтті жағдайда өтсе, бұл бүкіл әлемге оң ықпалын тигізеді, сондай-ақ бұл жайтқа қатысты жұмыстардың жүргізіліп жатқаны да аталды.

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Трамп

«Солтүстік Кореямен мәмілеге қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр, мәмілеге қол жеткізілсе, әлем үшін де  бұл жақсы болмақ. Келісімнің уақыты мен орны кейінірек хабарланады»,

– деп жазады АҚШ басшы.

Еске салсақ, 9 наурызда Корей Халық Демократиялық Республикасының (КХДР) президенті Ким Чен Ын Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президеті Дональд Трамппен кездесуге ұсыныс жасап хат жолдады. КХДР-мен келіссөздерден кейін Вашингтонға Оңтүстік Корея делегациясы АҚШ Президентіне Ким Чен Ын жолдаған хатты табыстады. Трамп өз кезегінде екі мемлекет арасында қордаланып қалған мәселелерді талқылау үшін Солтүстік Корея басшысының кездесу туралы ұсынысын қабылдағанын мәлімдеді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз