“Ресейге АҚШ сайлауына араласудың қажеті жоқ”

0
74
/РИА Новости

Ресейге Америкадағы сайлауға араласудың қажеті жоқ, деп мәлімдеді РФ президенті Владимир Путин NBC телеарнасына берген сұхбат барысында.

«Біз сайлауға араласу арқылы қандай мақсаттарға жететінімізді көріп тұрған жоқпын. Мақсат жоқ. Қандай мақсат болуы мүмкін, ой таразысына салып көрейік. Не үшін? Араласу үшін бе?»

– деді Путин.

Еске салсақ, ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп президент сайлауына Ресейдің араласуы Құрама штаттарда дүмпу мен сілкініс тудырды деп есептейтінін мәлімдеген еді.

Бұған дейін АҚШ әділет министрлігі 2016 жылғы АҚШ-та өткен сайлауға Ресей Федерациясының компаниялары мен 13 азаматы араласты деп айыптаған болатын.

Кремль аталған айыптауларды бірнеше рет жоққа шығарды.

БАҚ-та таралған ақпарға сәйкес, АҚШ президенттігіне экс-үміткер Хиллари Клинтон және Демократиялық партия Трамптың командасына қарсы ішкі саяси күрес жүргізуде. Аталған мүмкін айыптаулардың бастысының  бірі – АҚШ президенті мен оның тараптастарын Ресейдің арнайы жасақтарымен  байланысы бар.

Сафина Саид

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз